02.04.2021
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)
Айдар парағына өту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қолжетімді болады».
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
- Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті сілтеме арқылы қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:
- № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
- Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;
Кешкі оқу нысанына қабылдау үшін:
- Баланың өтінішінің электрондық көшірмесі;
- Негізгі жалпы білім беруді аяқтағаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
- Соңғы оқу жылындағы үлгерім табелінің электрондық көшірмесі;
- Білім беру ұйымының академиялық анықтамасының электрондық көшірмесі (осы оқу орнында, жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен сағаттар саны мен бағаларын міндетті түрде көрсете отырып);
- Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтіндер үшін);
- 086У медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының резиденті емес үшін:
- Көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»:
- Есептен шығару талонының электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда).
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электронды көшірмесі.
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
- жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
- отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
- төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
- «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
- жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
- отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
- төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
- «079/е» сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»:
- үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы электрондық көшірмесі.
- «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының электрондық көшірмесі.